Көрме • 17 Маусым, 2025
Ұлттық музейде қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы-этнограф Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шара тұлғаның өмірі мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттап, Орталық Азия мен Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесін келешек ұрпаққа танытуды көздейді.
Туризм • 16 Маусым, 2025
Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль өтті
Катонқарағайдың төрінде үш күнге созылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль өтті. Оған Моңғолия, Саха, Тыва, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия сынды бауырлас елдерден өнердің жарық жұлдыздары құрметті қонақ ретінде шақырылды. Осы күндерге орайластырып, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханның мерейтойлары да атап өтілді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 16 Маусым, 2025
Алаяқтардың айласы күшейе түсуде
Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше тұрғыны ай басталғаннан бергі бір аптаның ішінде ғана алаяқтардың арбауына түсіп, 13 млн теңге ақшаларынан айрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 16 Маусым, 2025
Жол сапасын бақылау – кезек күттірмейтін мәселе
«Жол құрылысы активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарына 146 рет инспекторлық бақылаумен шығып, 123 кемшілік пен бұзушылықтарды анықтады. Оның 18 түзетілгенімен қалған 105 әлі түзетілу үстінде, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 16 Маусым, 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Майтөбе ауылының баурайында ауылдық клубтар арасында Art-тимбилдинг іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.