Үкімет • 17 Маусым, 2025
Рақымшылық жасау туралы заңды қарайды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 19 маусымда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі және осы аптада болатын кездесулер мен комитеттердің көшпелі отырыстарында талқыланатын мәселелерді пысықтады.
Саясат • 17 Маусым, 2025
Жаңа кезеңге қадам басқан сенімді серіктестік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Президент мәртебелі мейманды Астана әуежайынан қарсы алды. Торапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Ал әуежай терминалында ҚХР Төрағасымен балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
Форум • 17 Маусым, 2025
Орталық Азия – Қытай: Гуманитарлық форум жұмысы басталды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай» гуманитарлық форумына қатысты.
Архив • 17 Маусым, 2025
Архивті цифрландыру – уақыт талабы
Жақында Астанадағы Президент Архивінің жаңа ғимаратында халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі аясында «Архивтердің цифрлық трансформациялануы және құжаттық мұраны сақтау» атты айтулы іс-шара өтті.
Аймақтар • 17 Маусым, 2025
Төр Алтайдағы төрткүл дүние көз тіккен той
Неше күннен бері Алтайдың аясын тұлпардың дүбірі мен домбыраның күмбірі тербеді. Сақи даланың тарихынан сыр шертетін шарада түбі бір түркілердің ұрпақтары бас қосып, мәре-сәре болысты. Сонау Саха елі, Түркия, Қырғызстан сынды бауырлас мемлекеттерден өнер жұлдыздары келді. Алқалы басқосу аясында қазақтың көрнекті қаламгерлері Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханға арналған конференция, жыр кеші ұйымдастырылды. Осылайша, басталған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі үш күнге созылды.