Энергетика • 17 Маусым, 2025
АЭС салушылар анықталды: Мемлекет қандай критерийге мән берді?
Елдегі алғашқы атом электр стансасын салу үшін халықаралық консорциум көшбасшысы болып ресейлік «Росатом» корпорациясы танылды. Бұл «Росатом» АЭС құрылысын жеке жүргізеді деген сөз емес. Консорциум шартына сай реакторды бірнеше елдің компаниясы бірлесіп салады.
Саясат • 17 Маусым, 2025
Инфрақұрылымдық жобалар пысықталды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Берері мол бірлескен оқыту курсы
Астанада Coventry University-дің қолдауымен Парламент Сенаты жанындағы Талдау мектебі мен Harvard Alumni Kazakhstan компаниясының бірлескен оқыту курсы басталды. Жоба аясында алғашқы дәрісті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқыды.
Саясат • 17 Маусым, 2025
Корея Ұлттық Ассамблеясымен байланыс артады
Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев, Бибигүл Жексенбай, Айнұр Арғынбекова және Закиржан Кузиев Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы жанындағы Балалар, халық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Ли Ин Ёнмен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады.
Білім • 17 Маусым, 2025
50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды
Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл ел бойынша бір жылдан бері өтіп келді. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы жобаға қатысып, олардың ішінде үздік мың бала финалист атанды, деп жазады Egemen.kz.