Сұхбат • 28 Маусым, 2019
«Астана» халықаралық қаржы орталығы – ел дамуының бірегей құралы
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ашылғанына бір жылға таяды. Бүгінде орталықта көптеген шетелдік компаниялар мен ұйымдар табысты ынтымақтастық орнатқан. Солардың бірі – Ұлыбританияның қаржылық және қаржыға байланысты кәсіби қызметтер индустриясымен айналысатын «TheCityUK» бизнес-ұйымы. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды, орталықтың ендігі бағыты қандай болмақ екенін білу үшін «TheCityUK» ұйымының Сыртқы байланыстар және стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Гари Кампкинмен тілдескен едік.
Қазақстан • 28 Маусым, 2019
«Жасыл» экономика жолындағы жаңғыру
Бүгінде аса маңызды міндеттердің біріне айналған энергия қорларын үнемдеу шаралары, оның сыртында энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн, жел, су энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге елімізде стратегиялық міндеттер кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Елдегі электр энергетикасы саласын реформалау нәтижесі энергия тапшы өңірлерде үнемділікке қол жеткізуге болатынын көрсетті, әсіресе шалғай аймақтарды дамытудың маңызды факторына айналып отыр.
Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Қыз алып қашамын деп сотталып тынды
Қызылорда облысында қыз алып қашпақ болған үш жігіт сотты болды. Осындайда еске түседі... Сырттай ұнатқан қызды алып қашу бір кездері жігіттікке баланған уақыт та болған. Көнекөз кейуа-налардың өзі «күйеуімнің үйленгенге дейін түрін де көрген емеспін. Алып қашты. Балалар дүниеге кел-геннен кейін бір-бірімізге үйренісіп кеттік. Бақытты өмір сүрдік. Бұған түк те өкінбеймін» деген әңгімелерін талай рет естідік.
Қазақстан • 28 Маусым, 2019
Заң орындалмайды емес, орындауға ықылас жоқ
Жол жүрісі заңы бойынша мүгедектердің көлік құралдарын тоқтатуға белгіленген жерлерде мүгедек емес жандардың көлік құралын тоқтатуы немесе аялдап тұруы әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Жол жүру ережесіне қатысты өзгерістерге сай мұндай жағдайда 597-баптың 4-тарауына сәйкес 10 АЕК, яғни 25 250 теңге айыппұл салынады.
Әлем • 28 Маусым, 2019
Есірткі айналымы: құрдымға кеткен картельдер
БҰҰ-ның есебінше, жыл сайын әлемдік есірткі трафигінің айналымы қаржыға шаққанда 700-800 млрд долларға бағаланады. Бұл сома мұнай нарығындағы көрсеткішпен пара-пар. Есірткі заттарының жоғары өтімділігі аталған индустрияның белең алуына сеп болып отыр. Осыған орай заңсыз бизнестің Қазақстандағы және әлемдегі конъюнктурасын бағамдап көруді жөн көрдік.