Үкімет • 17 Маусым, 2025
Қытаймен шекарада айналма жол салынады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренс ел аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаны талқылады. Кездесу барысында «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Әлемді аралау үшін үйін сатқан режиссер рекорд орнатты
Детройт қаласының 36 жастағы тұрғыны, режиссер Майкл Зервос Гиннес кітабының жаңа рекордшысы атанды. Ол өзінің сапарын 2024 жылғы 18 қаңтарда бастап, 2025 жылғы 30 мамырда аяқтаған. Сөйтіп әлемнің барлық 195 елін 499 күн ішінде (алдыңғы рекордтан 55 күнге озған) аралап шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Wildberries жылжымайтын мүлік нарығына бет бұрды
Күні кешеге дейін интернет-дүкендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы жеткізумен ғана шектелетін. Енді бұл шеңбердің кеңейіп, онлайн сауда алаңдарының деңгейі мүлде жаңа сатыға көтеріліп отырғаны байқалады. Атап айтқанда, ТМД елдеріндегі ірі маркетплейстердің бірі – Wildberries жылжымайтын мүлік нарығына қадам баспақ. Яғни, енді интернет арқылы пәтер де сатып алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Ертегілерде айдаһар бауырына алтын басып жатады деуші еді ғой. Жаһандық экономиканың бүгінгі «айдаһарлары» да күннен күнге қымбаттап бара жатқан алтынның бағасына алаңдаулы. Себебі ол жай ғана шикізат емес – ол ғасырлар бойы адамзат сенім артып келе жатқан ең сенімді активтің бірі. Ал қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер мен экономикалық тұрлаусыздық жағдайында алтынға деген сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz.