Энергетика • 18 Маусым, 2025
Астанада энергетика саласындағы ірі халықаралық форум өтті
2025 жылғы 17 маусымда Астанада Қазақстанның Энергетика министрлігі Power Central Asia + China атты алғашқы өңірлік энергетикалық форумның нәтижелерін жария етті. Бұл форум энергетика мен индустрия салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға және ашық диалог орнатуға арналған халықаралық маңызы бар алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 18 Маусым, 2025
Биыл диқандарға былтырғыдан 335 млн текше метрге артық су берілді
2024 жылдың осы кезеңінде 2 млрд 738 млн текше метр су жеткізілсе, биыл суару кезеңі басталғалы «Қазсушар» РМК филиалдары Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, яғни, 5 облыстың диқандарына 3 млрд 73 млн текше метрден астам су берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген
Қарағанды қаласында 8 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрілік препарат берілгені белгілі болды. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеп, сотқа жүгінуге ниетті екенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 18 Маусым, 2025
Ішкі сұранысты толық өтейтін зауыт
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы.
Кәсіпкер • 18 Маусым, 2025
Жазира Оразқызы – шағын кәсіптің иесі. Кәсіпкерлік жолын көрпе-жастық тігіп бастаған ол бүгінде тігін өндірісінің көрігін қыздырып отыр.