Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Қыз алып қашамын деп сотталып тынды
Қызылорда облысында қыз алып қашпақ болған үш жігіт сотты болды. Осындайда еске түседі... Сырттай ұнатқан қызды алып қашу бір кездері жігіттікке баланған уақыт та болған. Көнекөз кейуа-налардың өзі «күйеуімнің үйленгенге дейін түрін де көрген емеспін. Алып қашты. Балалар дүниеге кел-геннен кейін бір-бірімізге үйренісіп кеттік. Бақытты өмір сүрдік. Бұған түк те өкінбеймін» деген әңгімелерін талай рет естідік.
Қазақстан • 28 Маусым, 2019
Заң орындалмайды емес, орындауға ықылас жоқ
Жол жүрісі заңы бойынша мүгедектердің көлік құралдарын тоқтатуға белгіленген жерлерде мүгедек емес жандардың көлік құралын тоқтатуы немесе аялдап тұруы әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Жол жүру ережесіне қатысты өзгерістерге сай мұндай жағдайда 597-баптың 4-тарауына сәйкес 10 АЕК, яғни 25 250 теңге айыппұл салынады.
Әлем • 28 Маусым, 2019
Есірткі айналымы: құрдымға кеткен картельдер
БҰҰ-ның есебінше, жыл сайын әлемдік есірткі трафигінің айналымы қаржыға шаққанда 700-800 млрд долларға бағаланады. Бұл сома мұнай нарығындағы көрсеткішпен пара-пар. Есірткі заттарының жоғары өтімділігі аталған индустрияның белең алуына сеп болып отыр. Осыған орай заңсыз бизнестің Қазақстандағы және әлемдегі конъюнктурасын бағамдап көруді жөн көрдік.
Руханият • 28 Маусым, 2019
1996 жылдың басы. «Халық кеңесі» газетінде жұмыс істеп жүрген кезіміз. Бір айдан кейін «Егемен Қазақстанға» келеміз деген ой қаперімізге де келмеген. Кейде өмірдің өзі күтпеген жерден тарту жасап, ағысы асау арналардан бір-ақ шығарады екен. Ағысы асау дегенім, «Егемен Қазақстан» мен үшін дәл солай елестейтін.
Руханият • 28 Маусым, 2019
Белгілі журналист Совет Шиманбай жайлы бір үзік сыр
Алтын бесік Ақтоғайдан шыққан қазақ журналистикасының дарабозы Совет Оспанғалыұлы Шиманбай еді. Өзі өмір бойы қызмет бабымен біреулерге телефон соғып, таныстырғанда: «Шиманбайдың Советі», деп мағмұрланып, марқайып, бүркітше қомданып қалатын. Өзі отыз жыл қызмет еткен бұрынғы «Социалистік Қазақстан», бүгінгі аға газет «Егемен Қазақстандағы» әріптестері де осылай атап кетті.