Саясат • 29 Маусым, 2023
Астанада «Аmanat» партиясынан сайланған Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Саяси іс-шарада еліміздің барлық өңірінен 3 мыңға жуық фракция мүшесі бас қосты. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту тетіктері жан-жақты талқыланды.
Пікір • 29 Маусым, 2023
Форум аясында барлық деңгейдегі Мәжіліс және мәслихаттардың депутаттары Астана қаласына жиналып, партия басшылығымен бас қосты. Біріншіден, саяси іс-шара – еліміздегі түйіні әлі күнге дейін тарқамаған проблемаларды талқылап, сол мәселе турасында өз ойын, ұсыныс-пікірін ашық айтуға деген өте жақсы мүмкіндік.
Пікір • 29 Маусым, 2023
Парламент пен жергілікті өкілетті орган арасында тығыз байланыс болу керек. Қабылданған заңның төменге барған соң жұмыс істеуі, өміршең болуы өте маңызды. Ал аймақтағы депутаттар көптеген проблеманы бүге-шігесіне дейін біледі, тікелей араласады. Сондықтан заң шығару үдерісіне бірінші кезекте мәслихаттар депутаттары араласқаны дұрыс. Бұл заңдардың сапалы, халыққа жақын болуына ықпал етеді деп есептеймін.
Сенат • 29 Маусым, 2023
Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Жиында сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша Жоғарғы соттың судьяларын сайлады және бірқатар заң жобасын қарады.
Пікір • 29 Маусым, 2023
Бірінші кезекте – халық мүддесі
Қазір партия өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар тұлғаны таба білуі қажет. Ертең сайланып алған соң, халыққа ой айтпайтын, пікір білдірмейтін депутаттан не пайда?