Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Жұмысы көңіліңізден шыққан адамға алғыс айтуға асығып тұрасыз. Тіпті ол өзінің кәсіби міндетін атқарып отырса да ризашылығыңызды білдіргіңіз келеді. Кейде адам баласының осы бір жақсылыққа жақсылықпен жауап бергісі келетін қасиетін кейбіреулер басқа пиғылда пайдаланып кететіні жасырын емес. Мысалы, сырқаттанып қалған жандар «бірдеңе алмаса дұрыс емдемейді» деп жазғырып жататын дәрігердің пайда болуына да алғысын ерекше білдіргісі келетіндердің себепкер болғаны сөзсіз. Айтайын дегеніміз, алыс-беріс жөнінде емес, еңбектің лайықты бағалануы жайлы еді.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда
Кеше Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясында «Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге арттырамыз» атты республикалық акциясы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Федерация аталған бастаманы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесе өткізуде.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің агротехнология факультеті зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының студенттері енді өңірдегі Орловка ауылында орналасқан «Победа» серіктестігінде оқып, білім алады. Осы жерде агротехнология факультетінің филиалы ретінде жұмыс істейтін «Ауыл шаруашылығы мамандықтарына арналған дуалды білім беру орталығы» серіктестік директоры Александр Поляков пен факультет деканы, профессор Тоқтар Бексейітовтің бастамасымен ашылды.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Күнделікті өмірде елене бермейтін мәселенің бірі – сыртқы көші-қонның жағдайы. Оны «ұлы көш» деп атаса да, «үлкен көш» деп атаса да артықтық етпейді. Дүниенің әр қиырына тағдырдың жазуымен тарыдай шашырап кеткен ағайындарымыздың атамекеніне бет бұруы – жағымды жайт, мемлекет құраушы ұлттың үлесін толықтыра түсетін құбылыс. Жоғарыда аталған көшті жүргізу жоғары мемлекеттік органдардан ғана емес, сонымен бірге өңір басшыларынан да жүйелі жұмысты талап етеді. Өзге елден өз отанына оралған қандастарымызға жайлы жағдай туғызу – ортақ парызымыз. Әсіресе олардың белгілі бір қоныс пен баспанаға қол жеткізуі және еңбекпен қамтамасыз етілуі елеулі рөл атқарады. «Нұрлы көш» бағдарламасының басты арқауы да осы арнадан тамыр тартады. Сыртқы көші-қон бағдарламасына қатысты алғанда айтылар ойдың бір ұшы аталған мәселеге табан тірейді.
Қазақстан • 28 Маусым, 2018
Бас басылым «Үркер» ұлттық сыйлығына ие болды
Астанадағы Қазмедиа орталығында баспасөз, радио және интернет-журналистика саласы бойынша «Үркер-2018» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл сыйлық Ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасымен БАҚ қызметкерлеріне былтыр бірінші рет берілген болатын.