Экономика • 30 Маусым, 2023
Осыдан бір жыл бұрын шаруа қожалықтары өсірген бидайдың бағасы тоннасына 150-160 мың теңге еді. Тіпті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өнімін 170-180 теңгеден өткізіп қарық болып қалған. Өкінішке қарай, бүгінде бұл баға көзден бұлбұл ұшты. Қазір Қостанай диірмендері бидайдың бір тоннасын былтырғы жемнің бағасынан төмен – 75 мың теңгеден қабылдап жатыр.
Экономика • 30 Маусым, 2023
«QazIndustry» отандық индустрия және экспорт орталығы «Astana Ceramic» компаниясына өндіріс үдерісін үнемдеуге септесетін элементтерді енгізуге жұмсалған шығындардың 30%-ын өтеуге қолғабыс етті. Аталған компания жапондық Kaizen философиясын тиімді қолданудың арқасында керамикалық кірпіштің өндірісін 15%-ға ұлғайтып, жұмыс өнімділігін арттыра түскен.
Аймақтар • 30 Маусым, 2023
Ертістен су тасып ішуге мәжбүр
Чернорецк ауылының тұрғындары сапалы ауыз судан таршылық көріп отыр. Елді мекенде 40 жылдан астам жұмыс істеп тұрған скважинаның суы түгесіліп, амалы қалмаған жұрт Ертіс өзенінің суын қайнатып ішуге мәжбүр.
Медицина • 30 Маусым, 2023
Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығы қарсаңында елдегі нейрохирургтердің V Конгресі өтті. Білікті дәрігерлер бас қосқан конгресте нейрохирургия саласын ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Соның ішінде жаңа технологиялар, нейрохирургиялық бөлімшелерді жарақтандыру стандарттарымен қоса кадр даярлау ісіне қатысты ұсыныс-пікірлер қамтылды.
Спорт • 30 Маусым, 2023
Қарағандыда қол добынан ерлер арасындағы республикалық VI жазғы спартакиада өз мәресіне жетті. Кеншілер астанасында ұйымдастырылған жарыста 6 өңірдің командасы (Астана, Шымкент қаласы, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе және Алматы облысы) бір апта бойы айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтады.