Медицина • 29 Маусым, 2018
ЮНИСЕФ Балалар қоры жүргізген зерттеуге сүйенсек, дүниежүзі бойынша үлкендер тарапынан қатыгездік, зорлық-зомбылық көріп жатқан балдырғандардың саны миллиондап саналады. Сәбилер мен мектеп жасындағы оқушылар балабақша, мектеп, қоғамдық орындарда ғана емес, үйде де ұрып-соғудың небір түрін бастан өткеруде. Қазіргі кезде әртүрлі себеппен жасы бірге толмаған сәбиін де аямай ұратын ата-аналар көбеюде.
Өнер • 29 Маусым, 2018
Секен Тұрысбек: Күйді мың адам тыңдайды, бір-ақ адам ұғады
Қазақта талант көп. Бірақ сол талантын тектілікпен ұштастырып, телегей теңіз тереңдігімен тоғыстыра алғаны сирек. Алатаудың өзіндей асқақ болмыс, маңғаз мінез, кербез қимыл, артқа қарай еркіндеу қайыра жинар иыққа төгілген толқынды шаш, өңменіңнен өтер өткір көзқарас... Бір бойына осынша ерекшелікті ғаламат бір үйлесімділікпен үйірген тұлға табиғаты сөйлесушісінің мысын басып, ә дегенде әлемтапырық күйге бөлеп үлгереді. Бұл – мінез! Нағыз өнер адамына тән болмыс бірегейлігі. Оның серігі – ой. Сондықтан болса керек, көкірегін жарып шыққан әр туындысында мөлдір мұң мен сұлу сезім егіз өріледі. Осы себептен де болар, жүректен туған шығармаларының жүректерге жетіп, сезімді селт еткізбегені, тыңдаушысын тебірентпегені сирек. «Көңіл толқыны», «Ақжауын», «Жазғы қар», «Күлтегін», «Көк бөрі» күйлерінің өзі-ақ автор жайлы бар мағлұматты мәлімдеп тұрғандай... Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбекпен жүздесіп, пікірлесуімізге ұйытқы болған салиқалы себеп – Ұлттық домбыра күнінің бүкілхалықтық деңгейде тойланатыны турасындағы сүйінші хабар еді. Айтулы өнер оқиғасының басы-қасында жүрген идея авторларының бірі, ұлттық музыка өнерінің жанашыры, ең бастысы он саусағынан өнер тамған дәулескер күйші сұхбаттассақ деген тілегімізді қуана құптады. Домбыра мен күй өнері турасындағы толғамды ойларын бүкпесіз ортаға салды.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Алматыда әскери мектеп базасында ІТ-сынып ашылды
Алматыда қала тұрғындарының цифрлы ортадағы бейімділігін арттыру мақсатында тегін IT-сыныбы ашылды. Бүгінгі күні өмір көрсеткендей нарық жоғары мамандандырылған және сапалы жұмыс атқаратын қызметкерлерге тапшылық байқалып отыр. Сол себептен заманауи техникалық тұрғыдан қолдау табудың, цифрлы білім беру ресурстарын дамытудың маңызы зор екені сөзсіз.
Медицина • 29 Маусым, 2018
Кез келген әйел ақылды, сабырлы, иманды, ержүрек, ертеңіне пана болатын азамат туралы армандайды. Алайда өмірде ешқашан жолы болмайтын еркекке тап болуы да мүмкін ғой.
Мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесі өзекті
Сонымен тағы бір оқу жылын аяқтадық. Оқушылар демалысқа шықты. Үмітін үкілеген түлектер сынақ тапсыруда. 11 жыл алған білімі сарапқа түсіп, ата-ана мен ұстаздардың, өздерінің де табан ақы, маңдай терінің өтеуі таразыланады.