Пікір • 29 Маусым, 2024
Журналист – қоғамның үнін жеткізуші
БАҚ беделін сөз бостандығынсыз елестету мүмкін емес. Себебі журналистиканың қоғамдағы беделі шығармашылық еркіндікпен тікелей байланысты. Екіншіден, жекеленген БАҚ-тың этикаға аса мән беруі де қолына қалам ұстаған қауымның мәртебесін айқындап береді.
Теннис • 29 Маусым, 2024
1 шілдеде Ұлыбритания астанасы – Лондонда «Уимблдон» турнирі басталады. Жүлде қоры 50 миллион фунт-стерлингті құрайтын дүбірлі додада әлемнің үздік теннисшілерінің барлығы бақ сынайды. Қазіргі кезде мықтылар соңғы даярлықтарын пысықтап жатса, ортаңқол ойыншылар іріктеу турниріне қатысуда. Соның қорытындысы бойынша «Уимблдонда» өнер көрсететіндердің толық тізімі белгілі болады. Бұл жарыс 14 шілдеде мәреге жетеді.
Пікір • 29 Маусым, 2024
Ақпараттың өзектілігін уақыт айқындайды
Ақпараттық кеңістіктегі үрдістер туралы сөз қозғағанда, алдымен жасанды интеллект мүмкіндігіне ерекше тоқталамыз. Өйткені технологияның сағат тілімен қарыштап дамуы, журналистердің де кәсіби жүгін арттырды. Мәселен, қазіргі таңда Батыс елдерінде журналистика біртіндеп аналитикалық бағытқа бой алып бара жатыр.
Туризм • 28 Маусым, 2024
Ел қазынасын еселейтін саланың бірі туризм десек, оның ішінде зиярат туризмінің алар орны ерекше. Әсіресе түркі халықтары үшін мұның мән-маңызы бөлек екені анық. Осы бағытты дамыту үшін жуырда Қазақстан мен Өзбекстан салалық министрліктерінің басшылары өзара әріптестікті өрістетуге уағдаласқан еді.
Руханият • 28 Маусым, 2024
Өзгенің өмір жолына өрнекті із тастап, өзіндік қолтаңбасын қалдыратын айрықша бір адамдар болады. Ондай жанға менің өмірімнен де орын табылды. Егер сол азамат мені сөз өнеріне қарай сүйрелемесе, машығы мол журналистиканы маңайламас та ма едім, кім білсін? Қиырдағы ауылда қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп қалып қояр ма едім деп те ойлаймын...Иә, біздер қатар оқып, қатар қанаттандық. Ол азамат бүгінде журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан бірнеше кітаптың авторы, талантты журналист, қарымды қаламгер Ерлібай Қадырбай болатын...