Өнер • 29 Маусым, 2018
Ұлттық музейде Алматы және ШҚО мұражайларының көрмесі ашылды
Елордадағы Ұлттық музейде «Өткенді еске алу – болашаққа жол» атты өңірлер мұражайларының көшпелі көрмелері ашылған болатын. Аталған жоба елорданың 20 жылдығына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты – республика өңірлерінің тарихы мен мәдениетін білу, Қазақстанның тарихи тұлғаларының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, халықтың мәдени танымын байытып, қазақстандық қоғамның рухани тұрғыда дамуына сеп болу. Осы жоба аясында Ұлттық музейдің «Рухани жаңғыру» залында Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мұражайларының көрмесінің ашылуы өтті.
Медицина • 29 Маусым, 2018
Амангелді Айталы. Қазақ болу немесе рухани арпалыс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазғандай, «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адаса бастайды». Ақылға сыйымсыз еліктеушілік, әсіресе тіл, білім, дәстүр, өнер саласында қауіпті. Мәселен, сәбилерді де кеңестік интернационализм идеологиясына бейімдеуге ұмтылған сол кездегі этнопсихологтер бірнеше республикада балаларға ұлттық астары бар суреттерді ұсынып, ұнағандарын таңдаңдар деген. Орыс балалары Кремль, ақ қайыңдарды, грузин балалары тауларды, қазақ балалары далада шауып келе жатқан аттың бейнесін ұнатқан. Экспериментті жүргізушілердің балалар атамекендеріне қарамастан Кремльді таңдар деген болжамдары ойдан шықпаған. Ұлттық рух нәзік, оның терең жұмбақ сырын ұлттың перзенті жас кезінен бойына сіңіреді.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Бие сүтінен балмұздақ жасаған балалар
Бүгінгідей жылдам дамып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда білімді ұрпақты тәрбиелеу басты мақсаттардың бірі екені анық. Елімізде білім мен ғылымға ұмтылған жас толқын осы мақсатты алға қойып, батыл қадамдармен алға жүріп келеді. Бүгінгі жастардың бақытына орай ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар екені қуантады. Әр білім мекемесі орайын тауып, жастарға жігер беріп, қолтығынан демеп отыру нағыз ізденістің көрінісі деуге болады.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
ШҚО оқушылары орманда демалады
...Оқу жылы аяқталды. Он ай бойы біліммен сусындап, шаршаған балалардың жаңа оқу жылы алдында демалып, сергіп, бос уақытында спортпен шұғылданып, суға түсіп, күнге қыздырынғандарына не жетсін?! Таяуда Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаевтың мұрындық болуымен көне орман белдеуінде орналасқан «Елім-ай» демалыс базасына алғашқы 60 бала демалуға келді.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Шымкентте 2 бөбекжай-балабақша пайдалануға берілді
Шымкент қаласында «Достық» және «Әйгерім» бөбекжай-балабақшалары пайдалануға берілді. «Әйгерім» – психикалық дамуы шектеулі балаларға, «Достық» – тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларға арналған. Арнаулы коррекциялық қос бөбекжай-балабақша жалпы 110 орынға лайықталған. Әлеуметтік нысандар кәсіпкер, меценат, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, облыстық мәслихаттың депутаты, «ОТАУ груп» компаниясының бас директоры Қайрат Молдасейітовтің демеушілігімен салынды.