Президент • 29 Маусым, 2018
Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» нысандарын аралап көрді
Мемлекет басшысы Елорда күні қарсаңында дәстүрлі түрде Астананың «жасыл белдеуін» тікұшақпен аралап, оның даму барысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Парламент • 29 Маусым, 2018
Сенат Төрағасы Куба мен Ұлыбритания елшілерін қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Куба елшісі Эмилио Пупоны және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның елшісі Майкл Гиффордты олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Қостанайда Кенжеғали Сағадиевтің құрметіне халықаралық конференция өтті
Белгілі экономист ғалым, академик Кенжеғали Сағадиевтың 80 жасқа толған мерейтойы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Цифрлық экономика – аналитикалық көзқарас» атты халықаралық ғылыми-териялық конференция форматында аталып өтті. Оған қоғам қайраткерлері, ҚР Ұлттық академия президенті Мұрат Жұрынов, алыс және жақын шет елдердің мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарының өкілдері, Қостанай облысы жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Президент • 29 Маусым, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған Конституциялық заңға қол қойды
Мемлекет басшысы сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Қазақстанда Қоғамдық даму министрлігі құрылды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.