Футбол • 30 Мамыр, 2018
Жаһан жаңалықтары: Қорғаушы үшін «Ливерпуль» 45 млн еуро жұмсамақ
Англияның «Ливерпуль» командасы жуырда ғана басталған жазғы трансфер аясында «Монако» клубының қорғаушысы Фабиньоны сатып алды. Бұл туралы ағылшын клубының ресми сайты мәлімдеді.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Аралас жекпе-жек: Дамир додаға дайын
15 маусымда Орынборда аралас жекпе-жектен «M-1 Challenge 94» турнирі өтеді. Сол жарыстың басты бәсекесінде осы ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы, Ресейде тұрып жатқан қандасымыз Дамир Исмағұлов өз атағын қорғап қалу үшін Белоруссияның бетке ұстары Артем Дамковскиймен күш сынасады.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Бейжіңде Қазақстан-Қытай консультациялары өтті
Бейжіңде консулдық мәселелер бойынша кезекті Қазақстан-Қытай консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарды.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Ет экспорты: әлеует пен мүмкіндік
Биыл ет бағасы өзге азық-түлікпен салыстырғанда 8-10 пайызға қымбаттады. Сиыр еті – 9,9 пайызға, қой еті – 9 пайызға көтерілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қымбатшылыққа ет экспорты немесе тапшылық себеп емес екенін айтады. Мәселен, жылдың алғашқы тоқсанында 41 мың тонна ет дайындалыпты. Оның 24 мың тоннасы Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының үлесінде.
Медицина • 30 Мамыр, 2018
Алакөл туристерді қабылдауға дайын ба?
Елбасы жақында Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында Алакөлде болып, еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қатысты арнайы жиын өткізген еді. Сол жиында Мемлекет басшысы: «Алакөл – Қазақстанның туристері көптеп келетін жер болуы керек. Бұл – шипалы көл. Суының емдік қасиеті бар. Өте қажетті жер. Қазақстандықтар осы жерге келіп демалуы керек», деген еді.