Балалар • 28 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысының 376 мектебінде 2023-2024 оқу жылы аяқталып, 122 мыңнан астам оқушы демалысқа шықты. Соның ішінде 6 411 түлек мектеп бітірсе, 10 540 оқушы 9-сыныпты тәмамдады.
Ауыл • 28 Мамыр, 2024
Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,7%-ға төмендеген, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі 14,6%-ға дейін құлдыраған. Ал экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 5 млрд доллардан асты. Агроөнеркәсіптік кешен өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 42,6% болды. Биыл бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2024
«Sarqan» маркілі сапалы өсімдік майы жетісулықтардың ғана емес, шетелдіктердің де көңілінен шығып отыр. «Сарқан Май» кәсіпорнының ашылғанына көп болмаса да, тұтынушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде өнімдері Қытай мен Өзбекстанға да экспортталады.
Сұхбат • 28 Мамыр, 2024
«Мақсат – тарихқа әділетті көзқарас қалыптастыру»
Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында жасалған жұмыстың маңызы ерекше. Абай облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясының мүшесі, Шәкәрім атындағы университеттің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тоты КАРИЕВА осы ауқымды еңбектің тарихи мән-мағынасын түсіндіріп берді.
Медицина • 28 Мамыр, 2024
Дәрігерлер біліктілігі айқындалды
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жыл сайын кемінде 35 мың науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның 14 мыңнан астамы стационарлық көмекке жатқызылады. Медициналық мекеменің жетістіктері мен ауруханаға жатқызудың жоғары деңгейі тек мықты басшылық пен білікті ұжымға байланысты болса керек. Бұлай деуімізге – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтуі дәлел.