Энергетика • 28 Мамыр, 2024
Делдал азайып, тариф төмендеді
Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу қуатын өндіретін де, халыққа, кәсіпорын-мекемелерге тарататын да – «Севказэнерго» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары. Еншілес кәсіпорындардың барлығы бір акционерге сатылып, тегіс жекеге айналдырылған. Бас директоры – Анатолий Казановский.
Өнер • 28 Мамыр, 2024
Бұл түні Ыстанбұл түбі бір түркінің емес, күллі әлемнің рухани орталығына айналғандай. Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен асыға жеткен нөпір халық әнімен жүректерге жылу құйған әншісіне жанкүйер болуға Түркияның әйгілі «Бешикташ» стадионына жиналды. Алты Алаштың алақанынан асып шығып, алты құрлықтың қымбатына айналған дүлдүл Димаштың ән кеші ғой себебі.
Басылым • 28 Мамыр, 2024
Әріптестік байланыс нығая түседі
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы қытайлық «Жэньминь Жибао» басылымының Қазақстан және Орталық Азиядағы тілшісі Ли Чияңды қабылдап, тараптар әріптестік, ақпараттық, мәдени байланыс орнату мәселелерін пысықтады.
Өндіріс • 28 Мамыр, 2024
Трансформатор жасайтын бірегей кәсіпорын
«Alageum Electric» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші компания құрамына кіретін, кернеуі 110, 220, 500 кВ, ал қуаты 500 МВА-ға дейінгі трансформатор жабдықтарын шығаратын «Asia Trafo» ЖШС 5 жылдан бері нарықта табысты жұмыс істеп келеді. «Тассай» индустриалды аймағындағы 12 гектар аумақта орналасқан өндіріс орнында 250 адам еңбек етеді. Орташа жалақысы – 428 мың теңге.
Білім • 28 Мамыр, 2024
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринарлық және мал шаруашылығы факультетінің базасында университет басшылығы мен Қытай Халық Республикасы делегациясының іскерлік кездесуі өтті.