Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын, оқу белсенділігін арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектептен қалыптасуға тиіс екенін айтқан болатын. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «KitapХАН» кітап оқыту әдісі ұйымдастырылып, оның жылдық қорытындысы Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде өтті.
Білім • 29 Мамыр, 2024
IQanat қамқорлығындағы ауыл балалары әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының жұлдыздарына айналады
Әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының авторлары ең жақсы қазақстандық мектептердің бірі – IQanat мектебін бітіргеннен кейін өмірі күрт өзгеретін ауыл оқушысы туралы сериал түсіруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 29 Мамыр, 2024
Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы серіктестіктің 20 жылдығы. Серіктестік БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адам құқықтары мен дамуды ілгерілету жөніндегі мақсаттарға деген ортақ міндеттемеге негізделген.
Құқық • 29 Мамыр, 2024
Республика бойынша бір уақытта «Халық заңгері» акциясы өтеді. Науқан 30 мамырда ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңдық көмек көрсету. Ерекшелігі сол, кез келген азамат құқықтың әртүрлі саласының сарапшыларынан қажетті кеңесті тегін алады.
Саясат • 29 Мамыр, 2024
Ұлт құндылығының қоғамдық қуаты
Астананың Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» атты отырыс өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген басқосуына ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері қатысты.