Елорда • 26 Мамыр, 2023
Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өтінімдер 30 мамыр мен 6 маусым аралығында qatysu.zhilfond.kz порталында электронды түрде қабылданады.
Спорт • 26 Мамыр, 2023
Қайда бағыт алдың, Жамбыл спорты?
Жамбылдың спорты соңғы 20 жыл бедерінде кері кетіп бара жатқандай әсер қалдырады. 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасында боксшы Бақтияр Артаев төртжылдықтың басты додасында атой салғаннан кейін өңір спортшылары кейінгі төрт Олимпиадада бар болғаны үш жүлде иеленген. Оның екеуі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, бір медаль еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровқа бұйырған. Ал боксшыларымыз Афинадан кейін Олимпия ойындарында медаль атаулыны түсінде көрмесе, өңінде көрмеген.
Дәстүр • 25 Мамыр, 2023
Жалпы, қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық мәдени рәсімінің бірі – Қымызмұрындық. Бұл да Наурыз мейрамы сияқты көнеден келе жатқан қазына. Дәлел ретінде келтірсек, Еуропа, Қытай, Парсы елдері тарихшылары мен саяхатшыларының, Геродоттың жазба деректерінде «Сақтардың ең жақсы сусыны – қымыз, ал үлкен тойы – Қымызмұрындық, деп жазылған. Мұндай деректер кейінгі ортағасырлық ғалымдардың еңбектерінде де көптеп кездеседі. Әсіресе Армения, Ресей тарихшыларының еңбектерінде көбірек айтылады. Бірақ бұл дәстүр кеңес кезеңінде дұрыс насихатталмады.
Тұлға • 25 Мамыр, 2023
Ғасырдан астам тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағы табалдырығын студент кезінде аттап, содан бүкіл саналы шығармашылық ғұмырын осы ұжымға арнап, осында табан аудармай еңбек етіп, зейнет жасына жеткенше қолынан қаламын тастамаған журналист Әділ Дүйсенбек бас басылым – «СҚ» – «Егеменнің» шырақшысы, жылнамашысы еді деп айтуға әбден лайық.
Білім • 25 Мамыр, 2023
Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жәдігер» орталығының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның авторлық бағдарламасы негізінде ашылған гуманитарлық қазақ мәдениеті лицейінің 30 жылдығына орай «І Алма Қыраубаева оқулары» өтті.