Аймақтар • 29 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол инфрақұрылымын дамыта түсудің маңызына үнемі мән береді. «Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс» деген тапсырма жүктеген еді. Осыған сәйкес Қарағанды облысында тозған жолдарды асфальттау жұмыстары аса қарқынды жүргізіліп жатыр.
Тарих • 29 Мамыр, 2024
Жыл сайын қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында аштық мәселесі түрлі ғылыми-практикалық конференцияларда, кездесулерде, дөңгелек үстелдерде, тағы басқа іс-шараларда жиі көтеріледі. Қазақ жерінде аштық неге орын алды, оған қандай факторлар себеп болды, жалпы сол жылдары Кеңес одағын қамтыған қуғын-сүргін не үшін ұйымдастырылды деген сауалдар жиі қойылады.
Экономика • 29 Мамыр, 2024
Тауар өңдеуге түбегейлі өзгеріс керек
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқынының салдарын жою мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды. Отырыста ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланып, өңдеу өнеркәсібін ілгерілету ісі пысықталды.
Тағзым • 29 Мамыр, 2024
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми жобасы аясында Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған «Марғұлан оқулары-2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Алқалы жиынға елімізден, Франция, Польша, Ресей, Беларусь, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Армения сынды елдерден сарапшылар, академиктің ұрпақтары қатысты.
Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Такси тарифі қалай тізгінделмек?
Қарым-қатынас құралынан қалтадағы көмекші деңгейіне дейін өскен телефон сан түрлі сервистің бағын ашқандай. Бүгінде мобильді мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, екі жеп биге шығатын такси агрегаторларының дәурені жүріп тұр. Құлашын кеңге сермеген әлемге танымал қызмет түрі жаңа нарықта да өзін судағы балықтай сезінеді.