Жемқорлық • 29 Мамыр, 2024
Жемқорлықтың индексі ойлантады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламаларында еліміздің тәуелсіздігі жылдарында қай саланы болсын жайлаған сыбайлас жемқорлықты жою міндетін әділдікке әкелетін басымдықтардың бірі ретінде алға қойып, осы қоғамдық індетке қарсы ымырасыз күрес жалғастырыла беретіндігін мәлімдеген болатын. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жылдан-жылға артып келеді.
Білім • 29 Мамыр, 2024
Алда балаларды жазғы демалыс күтіп тұр. Білім саласындағы мамандар мен ата-аналардың мойнында енді мынандай жауапкершілік бар: баланы бейсауат жүрістен тыйып, жазғы уақытын дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шымкент • 29 Мамыр, 2024
Екінші ай қатарынан өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласында да игі жалғасын тауып келеді.
Алматы • 29 Мамыр, 2024
ХХI ғасыр әлемдік урбанизация үдерісін жылдамдатып, ірі мегаполистерді миграциялық тартылыс нүктесіне айналдырып жіберді. Ғаламдық құбылыстың жаңғырығы Алматыға да әсер етті. Қала соңғы жиырма жылдың бедерінде етек-жеңін кеңге жайып, елдегі ірі мегаполиске, мемлекеттің ең басты донорына айналып, қазақ экономикасының ғана емес, қазақ бизнесінің де ірі орталығына айналып үлгерді. Қазір Алматының ел экономикасындағы үлесі – 20 пайыз.
Тұлға • 29 Мамыр, 2024
Мәдениет үйінің алдында бұрын-соңды қаралы жиын өткен емес. Әбдімомын Желдібаевты ақтық сапарға шығарып салушылардың қарасы қалың. Алыстан, жақыннан арнайы ат ізін салып келген жамағаттың жүзі жабырқау, қабағы қатулы.