Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
СҚО-да «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Осымен төртінші рет ұйымдастырылған облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсына 34 отбасы қатысып, 9 аталым бойынша да бақ сынасты.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады
Биыл өңірде 15 демалыс-сауықтыру лагері жұмыс істеп, 60,5 мың бала тынығатын болады. Ол үшін жергілікті қазынадан 364,9 миллион теңге қарастырылып отыр.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
Қостанайға жаңа вагондар келді
Жолаушы тасымалымен айналысатын «Түрксіб-Астана» компаниясы лизингіге 10 плацкарт вагон алып, оны №43 Қостанай-Алматы пойызына тіркейтін болды.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
БҚО-да экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы өтті
2017 жылғы 25-27 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Батыс Қазақстан облысына арнайы келді. Комитеттің Нұртай Сәбилянов бастаған бір топ мүшесі жұмыс сапарымен облыстың Теректі, Бөрлі аудандарындағы нысандармен танысып, Ақсай және Орал қаласындағы өндіріс мекемелерін аралап көрді. Орал қаласында өңір басшылары мен жергілікті құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен комитеттің көшпелі отырыс өтті.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
Павлодарда шіркейлерге қарсы жұмыс қолға алынды
Қазір Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне көлемі өткен жылмен деңгейлес 6,47 текше шақырым су жіберілуде. Өңірдегі Ертіс алқабына 5-8 текше шақырым су келсе, 300 мың гектардай аумақ суға кенеледі. Шіркейлер қаптайды деген сөз.