Президент • 27 Мамыр, 2017
Елбасы мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады
Бүгін Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында мемлекет қайраткері, түрколог, профессор Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдығына арналған «Атанғаным Мырзатай - ел арқасы» атты мерейтойлық әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара барысында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
Қазақстан • 27 Мамыр, 2017
Өскемендік азамат Астанаға жаяу аттанып кетті
Өскемен тұрғыны Ғалымжан Тоқтар 26 мамыр күні сағат 09:00-де қала іргесіндегі Қабанбай батыр ескерткіші алдынан Елордаға қарай жаяу аттанып кетті. Күннің ыстығына қарамастан Арқа төсін бетке алған жігіт 16 маусым күні Астанадағы «Мәңгілік ел» монументіне жетуді межелеп отыр. Ғалымжанның өзі жол үстінде болғандықтан, ұялы телефон арқылы жұбайы Еркегүл Мұқиятқызымен аз-кем тілдестік.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
Қарағандыда қызмет барысында қаза болған жандарға арналған мемориалдық тақта орнатылды
Кеше Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орай Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасының ауласында қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің құрметіне мемориалдық тақта оранатты.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2017
ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтіп жатқан «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі аясында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықтың таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызды стартап» атты номинациялармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Президент • 27 Мамыр, 2017
Елбасы: «Болашақ» қаржысын Назарбаев университетіне бағыттау керек
Мемлекет басшысы еліміздің барлық жоғары білім жүйесінде Назарбаев университетінің тәжірибесін қабылдаудың өзектілігін атады. Бұл туралы Елбасы Назарбаев университетінің түлектерімен кездесуінде айтты.