Медицина • 04 Мамыр, 2021
Вакциналарды салыстыруға болмайды
Осы күндері көп адамның көкейінде коронавирусқа қарсы екпе алуға байланысты сұрақ көп. Вакцина алу керек болса, қайсысы дұрыс, өзіміздің вакцинаға сенеміз бе, көршілеріміздің жасағаны дұрыс па, әлде тағы бір ел керемет екпе тауып қалар ма екен деген екіұдай ой, дүдәмал сауалдар екінің бірін мазалайды. Алайда вакциналарды бір бірімен салыстыруға болмайды. Неге?
Спорт • 04 Мамыр, 2021
Қазақстанның «Қайрат» футзал клубы Хорватияның Задар қаласында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалында әйгілі «Барселона» командасымен кездесті. Турнирдің финал бәсекесіне жолдама беретін шешуші матчта жерлестеріміз Пиреней түбегінен келген футзалшылардан бір доп айырмасымен жеңіліп, жарыстың ақтық сынына өте алмады.
Хоккей • 04 Мамыр, 2021
Мықтылар Балтық жағалауында бас қосады
21 мамырда Латвияның бас шаһары – Ригада шайбалы хоккейден әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. 6 маусымға дейін созылатын дүбірлі додада 16 команда бақ сынайды. Бұл жарысқа Еуропаның Финляндия, Швеция, Ресей, Чехия, Швейцария, Норвегия, Дания, Германия, Ұлыбритания, Беларусь, Латвия, Италия және Словакия елдері қатысса, Америкадан Канада мен АҚШ келгелі отыр. Ал Азия құрлығынан жалғыз Қазақстан құрамасы ғана өнер көрсету құрметіне ие болды.
Әлем • 04 Мамыр, 2021
Өткен сенбіде Үндістанда 400 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін мұндай жағдай әлемнің ешбір мемлекетінде кездеспеген еді.
Оқиға • 04 Мамыр, 2021
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс
Өткен аптада Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңында болған қақтығыстан 178 адам жараланып, 34 адам қаза тапты. Жанжал Ақсу өзенінде орналасқан «Головной» су тарату орталығындағы келіспеушіліктен басталған. BBC арнасының хабарлауынша, Тәжікстан шекарашылары өзен маңындағы даулы нүктеде видеокамера орналастыруға кіріскен. Бұған сол маңдағы Қырғызстан тұрғындары қарсылық көрсеткен.