Медицина • 04 Мамыр, 2021
Медициналық қызметтің сапасын арттыру – басым бағыт
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Медицина • 04 Мамыр, 2021
Індетті жеңудің жолы – екпе салу
Елордада қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен «Вакциналау – Сovid-19-сыз өмір сүру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаланың медициналық мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Қоғам • 04 Мамыр, 2021
Елорда емханасы: Балалар МӘМС жүйесінде
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы түрлі сауалдар түседі. Оның ішінде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша сұрақтар да жеткілікті. Бұл жолы осындай жиі қойылатын сауалдардың біразына Нұр-Сұлтан қаласындағы №5 емхананың пациенттерді қолдау және медициналық қызмет сапасын бақылау қызметінің жетекшісі Әлия АЙТУҒАНОВА жауап берді.
Қоғам • 04 Мамыр, 2021
Жетім балаларды өзіміз асырайық
Күні өткен кеңес заманындағы коммунистік идеологияның салдарынан жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ата дәстүрімізден айырылып, осы ұлттық құндылығымызды тәуелсіздік жылдарында да толық түгендей алмағанымыз анық. Соның салдарынан бесіктен белі шықпай жатып, «тастанды» атанған талай бейкүнә сәби заңды-заңсыз саудаға салынып, ұлтымызға ұят келтіріп тұрғандығы белгілі. Осы жөнінде «Egemen Qazaqstan» газетінде «Сәби саудасы қашан тоқтайды?» (2021 жылғы 23 сәуір) деген тақырыппен жарияланған сыни мақала оқырман қауымды бейжай қалдырмаған сияқты.
Оқиға • 04 Мамыр, 2021
Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Осынау жыр мерекесінің көрігін қыздырған көркем жоба рухани астанамыз Алматыда салтанат құрып, халқының сүйікті перзентін бесігінде жырмен әлдилеген Қарасаздағы ақын мұражайы Алматыға келді.