Сайлау • 28 Мамыр, 2019
Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шымкент жұртшылығымен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Шымкент қаласына келді. Қала активімен, шаһар тұрғындарымен өткен алғашқы кездесуде штаб мүшелері Шымкент қаласының даму әлеуетіне тоқтала келе, ары қарай өркендеу бағытындағы Қ.Тоқаевтың бағдарламасындағы басымдықтар жайын сөз етті.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2019
Маңғыстауда қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жиын өтті
Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікке байланысты өткен жиында жол қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге байланысты жергілікті полиция қызметінің жұмыстары талқыланып, жедел іздестіру қызметі, қылмыстарды ашу және заңсыз есірткі айналымының жолын кесу, тергеу мен анықтау қызметінің сапасын көтеру мәселелері жан-жақты қаралды.
Жазғы каникулда балалар қалай демалады?
Таяуда, дәлірек айтсақ, 30 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде «2019 жылы жазғы каникулда балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенко, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Ерсайыновтың қатысуымен брифинг өтеді. Бұл туралы БҒМ Баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2019
Шығыс Қазақстан облысының әскери қызметшісі менингитпен ауруханаға жатқызылды
19 жасар әскери қызметші Дамир Зекен менингит диагнозымен Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бұл туралы аталған аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 28 Мамыр, 2019
Димаш Құдайберген ІІ Еуропалық ойындардың ашылу салтанатында өнер көрсетеді
Димаш Құдайберген Минскіде өтетін ІІ Еуропалық ойындардың ашылу салтанатында өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды