Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Г. Норман: Түркі мемлекеттерінің орнында үлкен өркениет ошағы болғаны рас
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласына арналған форумның ашылу салтанатына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, сондай-ақ, БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ЕСО Science Foundation, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды халықаралық ұйымдар басшылары мен өкілдері, елшілер мен дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу орталықтарының басшылары, көрнекі ғалым-зерттеушілер қатысты. Форумға әлемнің бірнеше елдерінен, соның ішінде АҚШ-тан, Германиядан, Венгриядан, Үндістаннан, Ресейден, Тәжікстаннан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан ғалымдар келіп қатысып, Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі мақаласында айтылған мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Бағдарламалар • 29 Мамыр, 2017
Рухани жаңғыру бойынша үздік туындылар үш кезеңде іріктеледі - Балаева
Жиынды ашқан Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталғанын атап өтіп, оған барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысып отырғанына тоқталды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жасалмақ
Ұлттық музейде өткен іргелі шараның бірі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруға қатысы бар мамандардың форумы. Оған еліміздің бүкіл облысынан өкілдер қатысты.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Құдай ақырын берсін, бүгінде әлеуметтік желіден тыс өмір сүру мүмкін болмай қалды ғой.