Көрме • 29 Мамыр, 2024
АҚШ-та қазақ этномұражай-көрмесі ашылып, шетте жүрген барша жерлесіміз ұлттық мұраларды көзбен көріп, қолмен ұстады. Мәдени іс-шараны Нью-Йорктегі кәсіпкер қазақ азаматы Назар Әли Бименов ұйымдастырған. Көрме енді Бруклин ауданында тұрақты өтіп тұрмақ. Ал бұл жолы алғашқы күні адам көп жиналатындықтан, ұйымдастырушылар этномұражайдың ашылу салтанатын Бруклиндегі саябақта өткізген.
Спорт • 29 Мамыр, 2024
Алматыда Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста еліміздің тоғыз боксшысы бас жүлде олжалады. Олар – Нұрзат Оңғаров (48 кг), Төлепберді Сүлеймени (51 кг), Ақылтай Рабатов (54 кг), Бағлан Кенжебек (57 кг), Нұржан Амангелді (71 кг), Фарух Тоқтасынов (75 кг), Нұрсұлтан Бейсембаев (80 кг), Еркебұлан Әкімбай (86 кг) және Нұрсұлтан Аманжолов (+92 кг). Өзге салмақтарда тәжік Акмаль Убаидов (60 кг) пен Парвиз Кәрімов (92 кг), қырғыз Омар Ливаза (63,5 кг) және армениялық Арутюн Акобкохян (67 кг) топ жарды.
Оқиға • 29 Мамыр, 2024
Астанада мектеп оқушысы суға бата жаздаған баланы құтқарып қалды
Астананың 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге бата жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Футбол • 29 Мамыр, 2024
Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы келесі айда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Нақтылап айтсақ, 7 маусымда Армениямен, 11 маусымда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.
Хоккей • 29 Мамыр, 2024
Шайбалы хоккейден Чехияның Прага мен Острава қалаларында ұйымдастырылған әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа 16 команда қатысты. Солардың арасынан асығы алшысынан түскен айдын иелері бас жүлдені олжалады.