Жәдігер • 28 Мамыр, 2023
Бесағаштан табылған көне қазан
Тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін Әулиеата жерінде жәдігерлер жетіп артылады. Көне тарихтың көмбесіне айналған Жамбыл облысынан үш мың жыл бұрын сақтар пайдаланған қазанның табылуы – сөзімізге дәлел. Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан жәдігерді Бесағаш ауылы маңынан Ертай есімді азамат қабір қазып жатқан кезде қолға түсіріпті. Кейін көне жәдігермен мамандар танысқан.
Тұлға • 28 Мамыр, 2023
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарыш конструкторы
Жаңа ғарыш кемесін жасауға атсалысқан кеңес ғалымдарының арасында қазақ ғалымы да бар еді. Бірақ ол туралы кезінде айтылмады. Оған құпия мекеменің құпия маманы ретінде үнемі жасырын өмір сүруге тура келді. Бүгінде өмірден өтіп кетсе де, ол туралы ғаламтордан ақпарат таба алмайсыз. Отбасылық суреттерінен басқа ештеңе жоқ. Біздің қолымызда өмірден өтер алдында кезінде өзіне қамқоршы болып, қанатының астына алған Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын туған апасы Салиха мен жездесі Ниязғалидың шаңырағына келгенде түскен жалғыз бейнесі қалды. Бұл қазақ ғалымының аты-жөні – Оңғарбай Қазыбаев.
Поэзия • 28 Мамыр, 2023
Көктемнің жазға ұласар шағында майсалы дала, жазық алқапты ойлаймын. Бар қырын толық ашып үлгермеген гүлдер, сол гүлге құмартқан өрімдей бойжеткен, бозбалалар. Бүкіл әлемге махаббат самалымен, сүйіспеншілік нұрымен қарайтын, біреуді ренжітіп алудан өрт тигендей қорқатын қоңыр адамдарды еске аламын.
Әдебиет • 28 Мамыр, 2023
Кез келген халықтың сөз өнері ауыз әдебиетінен нәр алады. Қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де бұл тәсілге жүгінбегендері сирек. Әсіресе классик қаламгерлер қолтаңбасына тиесілі туындылардың қай-қайсысы да түп тамырын фольклормен сабақтайды. Сондықтан болса керек, болмыс жұмбағын шешіп, әлдебір құпиялыққа деген құлшыныс қаламгер шығармаларындағы романтикалық қиял-ғажайыпты үдете түскен. Ол адамның «құдіретке деген сенімін бекітіп», сол арқылы оны әдеттегі тұрмыстық түсініктен арылтып, рухани таным деңгейіне көтереді.
Әдебиет • 28 Мамыр, 2023
Жапондарда сакура гүлдеген шақ – ұлы той. Мемлекеттік маңызы бар мереке, ұлттық мейрам. Сол үшін саяхатшылар жан-жақтан мыңдап ағылады. Шие талы сакураның бүршік жарғанын, гүлдегенін керемет көріп қызықтайды, ақырында наурыз айының ішіндегі бірер апта арасында сакураның гүлі ұшып жоғалады.