Сараптама • 01 Мамыр, 2024
Жаһандану үдерісі белсенді жүріп жатқан XXI ғасырда мәдениеттердің өзара ықпалы, ұлттық құндылықтар мен әлемдік брендттердің әрекеттесуі қарқынды өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда ғылымда «жұмсақ күш» термині пайда болып, мемлекеттердің ықпалын саралайтын арнайы зерттеулер де жүргізіліп келеді.
Президент • 01 Мамыр, 2024
Президент Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық • 01 Мамыр, 2024
Жаңа жол ережесі: нені білу керек?
Әрбір ел азаматының күн сайын үйінен шыққан сәтінен бастап алдынан кезігетін ең бірінші заң талабы – жол қозғалысы ережесін сақтау десек, қателесе қоймаспыз. Бұл әсіресе көшесі көлікке толған ірі елді мекендерге қатысты. Көлік демекші, кейінгі жылдары бұл салада өзгеріс көп. Жол қозғалысының электрсамокат, мопед секілді жаңа қатысушылары пайда болды. Осыған орай жол қозғалысы ережелеріне де өзгеріс енгізу күн тәртібінде тұрған мәселе еді.
Тарих • 01 Мамыр, 2024
Батпаққара көтерілісінің ақиқаты
Батпаққара көтерілісінің 95 жылдығына орай, Қостанайда «Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер: зерттелуі және тың деректер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған ғылыми жиынға белгілі тарихшы, академик Хангелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлима Ауанасова, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген мемлекеттік музей қызметкерлері, ғалымдар, өлкетанушылар қатысты.
Талбесік • 01 Мамыр, 2024
Қазақ даласында қандай бренд бар? «Бізде мынадай бар, мынадай бар» деп көрсететіндей, мынау қазақтың өзінің ойлап тапқан төл мәдениеті деуге жілігі татитындай не бар? Домбыра, қобыз, киіз үй, қымыз, қамшы, асау үйрету, тағысын тағылар. Біліп қойыңыз, осылардың арасындағылардың кейінгі үшеуіне тобылғының қатысы бар. Қазақ аттан ауып, қолынан қамшы түскен соң, тобылғысын да ұмытуға айналды. Маусымы туған соң, амалы өтіп жатқан соң, мұны да еске салғанның артығы жоқ.