Абай • 01 Мамыр, 2024
Абай кемелдігі – әлемнің олжасы
Бүгінде Абай десе – қазақ, қазақ десе – Абай еске түседі. Ұлы ақынды таныту мақсатында елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін де көп жұмыс атқарылды. Әлемнің әр түпкірінде ақынның атын алған көшелер мен көптеген қаланың көрікті жерінде ашылған ескерткіштер де аз емес.
Пікір • 01 Мамыр, 2024
Біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікпен тікелей байланысты. Елімізде бірлік пен келісім осы елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері үшін мәңгілік құндылықтар болып есептеледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттілігіміздің негізгі институттарының бірі ретінде қоғамдағы бірлікті нығайтуға қызмет етеді.
Қоғам • 01 Мамыр, 2024
Бүгінде қазақ топырағында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті тұрады. Статистикаға сүйенсек, елімізде орыс – 15,1, өзбек – 3,2, украин – 1,9, ұйғыр – 1,5, неміс – 1,1, татар – 1,1, әзербайжан – 0,7, кәріс 0,6 пайыз және басқа да этностар қоныс тепкен. Әр жылдары елден тарихи отанына 1 млн-нан астам неміс оралған екен. Өздері көшкенімен, жүрегінің жартысын қазақтың кең байтақ даласына қалдырып кеткендерін айтып, жергілікті ұлттың салт-дәстүрін әлі күнге дейін ұстанатындар көп. Қазір елімізде тұратын немістің саны – 220 мың.
Қоғам • 01 Мамыр, 2024
Қостанайдағы «Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі жиырма жыл бойы отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар үйін қанатының астына алып, ата-ана қамқорлығынан қағылған балғындарға үзбей қолдау көрсетіп келеді. Бірлестіктің жетекшісі Эргашвой Холметовке кәдімгідей бауыр басып қалған «Жанұяның» балалары да ол кісіні көргенде «Ата келді!» деп алдынан жүгіріп шығып жамырай қуанысып қарсы алады.
Халық • 01 Мамыр, 2024
Бірлік күні қарсаңында осы мерекенің мемлекет үшін маңыздылығын айқындайтын «Бізді не біріктіреді?» деген сұрақ туады. Ұлттық бірегейлік пен бірлікті сақтау қазақ даласында түркілер дәуірінен бастау алған. Бізді біріктіретін күш – ел туралы биік ұғымдар, ортақ мүдделер, барлық ұлттарға ортақ құндылықтар.