Қоғам • 28 Мамыр, 2023
Урбанизация ырыққа көнбесе қайтеміз?
Жылдан-жылға ауылдан қалаға үдере көшкен ағайынның қатары көбейіп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, сол көшке ілескендер арасында ауыл шаруашылығынан хабары бар және істің көзін таба білетін мамандар бар. Бірақ урбанизация дамушы елдерде қалыпты құбылыс болғандықтан, қалаға көшуді ойға алған білікті маманды байлап ұстай алмайсың. Енді ауылда инфрақұрылымды дамытып, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға күш салу аса маңызды. Ал қалалар, соның ішінде мегаполистер урбанизация үрдісіне дайын болуы тиіс.
Денсаулық • 28 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын 12 оңалту орталығын ашуды тапсырған еді. Осы тапсырмаға сәйкес былтыр Жаркент қаласында мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы есігін ашты. Аталған мекемеде білікті мамандар заманауи техниканың көмегімен ем-дом шараларын жүргізеді. Бүгінде ата-аналар орталық мамандарының қызметіне ризашылығын білдіріп жатыр.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2023
Өңірдің ахуалы жақсарып келеді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Шаруашылық • 28 Мамыр, 2023
Малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Пікір • 28 Мамыр, 2023
Қай қоғамды алып қарасақ та, анадан ардақты, анадан асыл ешкім жоқ. «Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын» деп ұдайы аузымызда жүрген, жадымызда жатталған әдепкі әннің сөзімен айтсақ, бәріміздің анамыз алтын екеніне шәк келтіре алмаймыз. Алайда қоғам болған соң әркімнің өзіне лайық қадір-қасиетімен қоса материалдық игіліктермен өлшенетін әлеуметтік мәртебесі де болады.