Форум • 01 Мамыр, 2023
«Qazaq Forum»: жаңа медиа мүмкіндігі
Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың VІ форумы өтті. Жылдағы дәстүрге сай танымал блогерлер мен медиа саласы мамандарының басын қосқан алқалы жиынға биыл «Жасанды интеллект дәуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбы арқау болды.
Халық • 01 Мамыр, 2023
Еліміздің әлемдік аренадағы беделінің артуы, дүние жұртшылығын аузына қаратқан саңлақ таланттарымыздың көптеп шығуы шетел азаматтарының назарын Қазақстанға және қазақ тіліне аударып отыр. Оның бір дәлелі – бүгінде ана тілімізді үйренгісі келетін шетелдіктердің саны көбеюі. Солардың бірі – жапон қызы Мисаки Эбина «Қазақ тілін 7 айдың ішінде үйреніп алдым», дейді. Біз оған арнайы хабарласып, өзі туралы және қазақ тіліне қызығушылығы қалай басталғаны жайында білген едік.
Халық • 01 Мамыр, 2023
Әр елдің шет мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасында экономикалық сала басым тұрады. Одан соң білім, мәдениет саласы алға шығады. Ал Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс адами капиталмен құнды. Мұның бір дәлелін екі арасындағы байланыстың мысалынан байқауға болады. 1 мамыр – Халық бірлігі күні қарсаңында Қазақстан-Германия үкіметаралық Комиссиясы елімізде тұратын этностық немістерді қолдауға арналған коммюнике қабылдады.
Энергетика • 01 Мамыр, 2023
Негізгі бағыт – заманауи энергетика
Алматы облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Онда өңірдегі аталған қор жобаларын іске асырудың келелі мәселелері талқыланды.
Ғылым • 01 Мамыр, 2023
Инновациялық жобалар – ел игілігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне былтыр «зерттеу университеті» мәртебесі берілді. Бұл білім ордасының ғылымды дамытуға жаңаша бағыт алғанын айғақтайды. Ендігі жерде университеттің Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу зертханаларына үлкен жауапкершілік артылып отыр.