Сенат • 02 Мамыр, 2024
Сенатор төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұсынды
Жергілікті әкімдіктер тасқын суға дұрыс дайындала алмады. Су тасқыны, жаңбыр мен еріген қар суынан инженерлік қорғау шараларын өткізуде салғырттыққа жол берілді. Сондықтан тасқын суды болдырмауға немесе қаупін азайтуға мүмкіндік болмады. Бұл туралы мәселе қозғаған сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 02 Мамыр, 2024
Ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «ҚР-да ат спорты мен ұлттық жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Ұлттық Ғылым академиясының президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ғылыми қоғамдастықтың, спорт клубтарының, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері және оның құрамына кіретін федерациялардың басшылары мен атбегілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 02 Мамыр, 2024
Сенаторлар цифрландыру және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысы барысында сенаторлар депутаттардың бастамасымен әзірленген «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Мамыр, 2024
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Абзал Құспан биылғы су тасқынының алдын алмағаны үшін жауапты шенеуніктер неге жазаланбағанын білмекке Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Мамыр, 2024
Ханзада Уильям қатерлі ісікке шалдыққан әйелінің жағдайы туралы айтты
Осы жылдың наурыз айында Кейт Миддлтон қатерлі ісікпен күресіп жатқаны белгілі болды. Сол сәттен бастап корольдік отбасы ханшайымның жағдайы туралы пікір білдірмейтін болды. Ханзада Уильям үнсіздікті бұзып, жұбайының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.