Тұлға • 01 Мамыр, 2025
Редакция. Әдеттегі жұмыс күндерінің бірі. Кенет «Әбіш ағаның ұлы Әулет дүниеден өтіпті» деген суық хабар жетті. Бас редакторымыз Амантай Шәріп бізді қасына ертті де, едел-жедел қаралы шаңырақты бетке алды. Барсақ, төрде алып Әбіш – дана Әбіш Кекілбайұлы шынтағымен маңдайын сүйенген қалпы күйреп отыр екен. Келген-кеткен кісіде шаруасы жоқ, жаңа ғана бақилыққа айналған баласы жөнінде бір сөзді қайталай берді: «Бүкіл өмірімнің «мозговой центрі» еді ғой». Әлбетте, өмірдің өктем шындығы – тұтқиыл ажал тұқыртпай қоя ма?
Руханият • 01 Мамыр, 2025
Табиғат пен адам тағдырын тел өріп, қатар жырлап, жусан жұпарлы сұлу лирика жазған ақынның бірі Серікбай Оспанұлы өлеңдерінің тамыры Торғай табанында, діңі Алатау баурайында, мәуесі Тобыл топырағында жатыр десек болады. Алматыда 36 жыл тұрғанда, ұлт әдебиетінің бүлкілдеген қара қазаны іспеттес алып шаһар арманшыл ақынның қаламын ұштап, азаматтық тұлғасын қалыптастырды.
Экономика • 01 Мамыр, 2025
Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының биылдың алғашқы тоқсанындағы жалпы өсімінде ауыл шаруашылығы алда болып, 36,4 млрд теңге көлеммен былтырғы жылдан 7,5% артық өнімге қол жеткізді. Соның ішінде мал шаруашылығы өнімдері 7,7%-ға артты. Ет өндіру 9,7%, сүт 5,9%-ға өсті. Жылда өсімі мардымсыз болып жүретін жұмыртқа өндіру де 3,6%-ға артып отыр.
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданында жыл сайын тұрғын үйлер жөндеуден өтіп, аулалар абаттандырылады. Қаланың шырайын ашатын нысандар салынады. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында алғашқы 3 аула жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Тұрғындарының дені жергілікті кеніште, жерастында еңбек ететін Қашар кентінің жылу орталығын күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Бұған дейін көмірмен жұмыс істеп келген орталық енді біржола көгілдір отынға көшті. Нәтижесінде, кеншілер қалашығын қысы-жазы ыстық сумен қамтамасыз ететін жаңа қазандық іске қосылды.