Қоғам • 02 Мамыр, 2024
Германиядан сәлемдеме жіберіпті. Әдемі алтын жүзік. Шеті қазақы нақышпен өрнектелген. Дәл ортасында қос қанатын керіп, зулап ұшып бара жатқан қарлығаштың пішіні. Бәлкім, ат тұяғы жетпейтін ту алыстағы көзкөрген, күні кеше ғана орталарында құлын-тайдай тебісіп күн кешкен жұрттың сарытап сағынышын алып-ұшып жетсін деді ме екен, кім білсін? Жүзікті тапсырыспен жасатқаны көрініп тұр. Әйтпесе, кіл немістің ортасында қазақы нақышпен дәл осындай жүзік соға қояр ма екен?
Мирас • 02 Мамыр, 2024
ГУЛАГ құрылымындағы ең үлкен сала – Қарағанды еңбекпен түзеу лагері. Ол көпшілікке «Қарлаг» атауымен белгілі. Қарағанның түбінде қараңдаған, қайран, қасіретті тағдырлар... Қанды қол заман қуатын семдіре алғанымен, олардың кеудесіндегі адамшылықтың алтын арайын сөндіре алмады. Өзі де Қарлаг тұтқыны болған қырғыз азаматы Күзебай Құрановтың қазақ жолдасының аманатына адалдығы көңілді елжіретпей қоймайды. Бұл туралы «Азаттық радиосының» Қырғыз қызметі және «Есімде: тарихыңды зерделеу» атты талқы алаңы «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаиловтың естелігінен баян еткен.
Қоғам • 02 Мамыр, 2024
Бірлік күні қарсаңында алғаш рет отандық 10 телеарна бірлесіп «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонын өткізді. Елімізде кейінгі 80 жылда болған ең ірі табиғи апат – су тасқынына байланысты ұйымдастырылған тікелей эфир 5 сағатқа жалғасты.
Кино • 02 Мамыр, 2024
«Айка» деген атақты фильм естеріңізде шығар. Қандасымыз Самал Еслямова осы фильмдегі рөлі үшін халықаралық Канн кинофестивалінің «Үздік актриса» аталымын иеленіп, атағы шыққан туындының арқауы – адам тағдыры. Мәскеу перзентханасында босанған қырғызстандық эмигрант – Айканың екінші атын «Тағдыр» деуге әбден болады. Тағдыр ма, талапай ма деп тағы ойлайсыз.
Спорт • 02 Мамыр, 2024
Grand Slam турнирі: Әйелдер құрамасынан 25 дзюдошы бақ сынайды
Дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam додасында Қазақстан әйелдер құрамасынан 7 салмақ дәрежесі бойынша 25 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.