Ғылым • 01 Мамыр, 2025
Ғылым тілі жүйелілікті талап етеді
Ғылым – ұлттың шамшырағы. Бұл сөздің маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында өткен кездесуде тағы бір мәрте атап өтті. Президент жоғары оқу орындарының тек білім берумен шектелмей, ғылыммен айналысуы стратегиялық қажеттілік екенін айтты. Сонымен қатар қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, оны жасанды интеллект саласына бейімдеу ел дамуының маңызды векторларының бірі екенін ерекше атады.
Көрме • 01 Мамыр, 2025
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) «Орталық Азия – XIX-XX ғасырлардағы Батыс зерттеушілері мен саяхатшыларының көзімен» атты бірегей көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында сол тарихи кезеңдегі өңір өмірін айқын бейнелейтін құнды архив материалдары көпшілік назарына ұсынылды.
Білім • 01 Мамыр, 2025
Биыл күзде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан-Америка қос дипломдық бағдарламасымен оқитын 40 студенті 3-курстан кейін Аризона штатындағы Тусон қаласының университетіне барып, оқуын жалғастырады.
Өшпес даңқ • 01 Мамыр, 2025
Ел қорғаған ерлердің бойындағы қаһармандық кейінгі ұрпақ үшін әдемі үлгі. Бүгінгінің баласының көкірегінде туған жерге деген махаббат аталар жатқан жырақтан тұтануы керек.
Көрме • 01 Мамыр, 2025
Астана жұрты үшін дәстүрге айналған «Eurasian Book Fair-2025» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі биыл Ұлттық кітап күнінің қарсаңында өтті. Жүздеген баспа, мыңдаған кітап, бұрыш-бұрышта авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, тұсаукесерлер Президент орталығындағы көрме алаңын азан-қазан рухани базарға айналдырып жібергендей. Әрине, жылына бір рет болатын мәдени мереке – оқуға құмар жандарға таптырмас мүмкіндік. Ыбырайша айтсақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табылатын» көрмеден кім құр қалсын!