Технология • 02 Мамыр, 2024
Енді «Яндекс» қосымшасында қазақ тілінде дауыстап сұрақ қоюға болады. Смартфонда дауыстап сұрақ қою мәтін теруден гөрі ыңғайлы.
Талбесік • 02 Мамыр, 2024
Жарқын жаздың халыққа тағы бір табиғи қаупі бар. Бұл – ұзақ уақыт тамшы тамбай, шөбі мен ағашы қурап қалған жерлердегі өрт. Уақытында ауыздықталмаса, оның да қасіреті аз емес. «От пен су – тілсіз жау» дегенді халқымыз бекер айтпаған.
Туризм • 02 Мамыр, 2024
Саяхат орталығына айналған шаһар
Төрткүл дүние мазасыз күй кешіп жатқан кезеңде отандық туризмнің Меккесі іспетті Алматы шаһарына келетін қонақтардың ендігі легі қандай болмақ? Саяси ахуал мен табиғаттың тосын құбылыстары саяхат құруға алдын ала қамдана жүретін жиһанкез қауымның жоспарын өзгерте ме? Дәл осы сауал талай елді алаңдатып отырғаны даусыз.
Спорт • 02 Мамыр, 2024
Жерлестеріміз – екінші себетте
Биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында футзалдан Өзбекстанда өтетін Х әлем чемпионатына қатысатын барлық 24 команда анықталды.
Мирас • 02 Мамыр, 2024
Қол күші мен ақыл тоғысса, оқ мүлт кетпейді
Ұланбатыр қаласында «Ер жігіттің үш өнері» атты жекеменшік компания бар. Бұл мекеме – ежелгі еуразиялық көшпелі ұлыс: сақ, ғұн, көк түркі дәуірі, одан кейінгі Шыңғыс қаған негізін қалаған Моңғол империясы тұсында қолданыста болған атыс қаруы – садақ түрлерін жаңғыртумен айналысады. Аталған мекеме басшысы көне қару-жарақ маманы әрі садақ атудан ұлттық дәргейлі мерген Төмөрхуу Батмунке мырза өткен Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың салт-дәстүрін насихаттаумен айналысып жүрген «Qazaq-oner» ұлттық қауымдастығы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің шақыруымен Қазақстанға келіп, Алматы мен Астанада көрме ұйымдастырды. Осы орайда моңғолиялық шеберге жолығып, көшпелілердің жауынгерлік өнерінің бір саласы – садақ қаруы хақында әңгімелестік.