Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Петропавлда қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүретін осы жігітті жиі көремін. Ол әкімдіктегі де, қоғамдық ұйымдардағы да жиындарға қатысып, өзінің пікірін батыл білдіріп, елдік іске жанашырлық танытып жүреді. Тіпті бірде Петропавлдың Қызылжар аталуына да өзінің шынайы пікірін айтып, шаһардың қазақша аталуы тарихи әділеттік екенін орыс тілінде дәлелдеп, әлеуметтік желіде жариялады.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2025
Этнограф мамандардың пікірінше, кез келген мемлекетте негізгі ұлттың үлес салмағы 70 пайыздан асқанда, оның тілі сол елдегі этносаралық қатынас құралына айналады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басында қазақтар елдегі жалпы халықтың 71,2 пайызын құраған. Демек қазақ тілінің этносаралық қатынас құралына айналуы – толғағы жеткен тақырып.
Халық • 01 Мамыр, 2025
Этностарды ұйыстырған құндылық
Ежелден қазақ берекенің бастауын ынтымақ, бірліктен іздеген. Тарихи шегініс жасап, өткенге көз салсақ, отарлық езгі мен озбыр саясат ықпалымен келген этнос өкілдерін жатсынбай жәрдем көрсетуі де – қанға сіңген қасиеттен. Демек қазіргі кезең – осынау терең түсінік, өзара сыйластықтың заңды жемісі. Бұл айрықша ұғымды ұлықтап отырған айтулы күнде бойына қазақылық сіңген ауылдағы этнос өкілдерімен тілдестік.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Ализа Кайхарованың жасы – 21-де, мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қоғамдық қызметі – «Вайнах» шешендер этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ақтөбедегі ҚХА жастары мүшесі, өзге ұлттарға қазақ тілін үйрететін «Qazaqvibe» курсының авторы.
Ауыл • 01 Мамыр, 2025
Тозған ауылды көркейткен кәсіпкер
Қостанай облысында тұрып жатқан 66 мыңнан аса украин ұлты өкілдерінің ішінде өңір дамуының қай саласына болсын елеулі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Соның бірі – «Аян-Озат» серіктестігінің басшысы, облыс мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Валерий Розумович.