Технология • 03 Мамыр, 2024
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық өңірді сапалы интернетпен қамтуға баса мән беріп отыр. «Цифрлық теңсіздікті» жою – маңызды. Сол себепті де халық аз қоныстанған аймақтарға кең жолақты интернет қолжетімділігін ұсыну жөніндегі жобалар көптеп іске асырылып жатыр. Экономикалық әлеуетті арттыру мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-дан интернетпен қамтамасыз ету мақсаты тұр.
Әдебиет • 03 Мамыр, 2024
Отардың жабағы жүнін қырықтырып, креолин ерітіндісіне тоғыттырып болған соң-ақ жайлауға бет алғанбыз. Қозылы қойды алысқа айдамас үшін Ажыхан бұлағына келіп ерулегенбіз.
Талбесік • 03 Мамыр, 2024
Ежелден тамылжыған табиғатымен аты шыққан өңірдегі басты байлықтың бірі сыңсыған ну орман екені даусыз. Қолдың саласындай ақ қайыңдар мен мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген жұмақ жердің табиғаты жыл өткен сайын түрленіп, жасарып, жақсарып келеді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2024
Осы күні жоба дайындап, әр салада жаңалық ашып жүрген мектеп оқушылары аз емес. Мысалы, Қазалы ауданындағы №165 орта мектепте «Жасыл мектеп» бастамасы аясында түрлі идея туындап, оқушылар сол арқылы экоөнімдер шығаруға ден қойған.
Туризм • 03 Мамыр, 2024
Еліміздегі ең ұзын әрі ең тар асу Шығыс Қазақстанда екенін бәрі біле бермейді. Бұл – Өскемен-Алтай-Катонқарағай бағытындағы әйгілі Тереңсай асуы. 16 шақырымға созылған тау ішіндегі ирек жол осыдан 83 жыл бұрын күрек-қайланың күшімен салынған. Қазіргі уақытта асуды айналып өтетін төте жол салынып жатқанымен, туристерді Тереңсай қызықтырады. Тура жол пайдалануға берілсе де, Тереңсай саяхат үшін қолданылады. Оның үстіне табиғаты да әсем.