Құқық • 03 Мамыр, 2024
Жұртшылық ұсынысы жерде қалмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуға тиіс. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс», деген болатын.
Медицина • 03 Мамыр, 2024
Елімізде алғаш рет екі науқастың жұлынына «ақылды» нейростимулятор орнатылды. Құны 8,5 млн теңге тұратын, МӘМС аясында Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының мамандары жасаған бұл операция – отандық медицинадағы елеулі оқиға.
Өнер • 03 Мамыр, 2024
Еңбегінен ел күткендей нәтиже шығарғысы келген шынайы шығармашыл адам, таңдаған тақырыбына терең үңіліп, жүрегінен өткізеді. Сезініп барып, іске кіріскен шығарманың да ғұмыры ұзақ болмақ. Әйгілі суретші Илья Репин «Волгадағы бурлактар» дей-тұғын картинасын жазбас бұрын, бір топ суретшілер Еділ жағасына барып, бурлактардың өмірімен етене танысқан. Бұл полотно көпшілікке таныс.
Өнер • 03 Мамыр, 2024
Өнерде шекара жоқ. Талантың жетсе, әлемнің кез келген нүктесінде атың аталуы әбден мүмкін. Мәселен, бүгінде Арыстан Әбілдинді алыс-жақын шетел тыңдарманы жақсы таниды. Ел арасында да Арыстанның есімі тек жетістігімен әйгілі.
Ән • 03 Мамыр, 2024
Кенен десек, көкейге бірден «Көкшолақ» келеді. Басқаны қайдам, бізге солай. Бала күнімізден «Көкшолақ» әнін тыңдап, ақын өмірінен азды-көпті хабарымыз болғанын, әрине, мақтан тұтамыз. «Ой жайлауы» мен «Бозторғайын» елден жырақ елсізде келсін-келмесін аңыратып салмаған қазақтың қазақтығына күмәндануға болатын ертеректе. 90-жылдардың басында әнге ұйитын халық бар-ды. Кенен әндерін ыңылдайтын жандар кездесетін.