Халық • 03 Мамыр, 2024
Суы нәрлі, шөбі шүйгін, ауасы тұнық Ақбастау ауылын тұрғындар киелі мекен санайды. Мұның сан түрлі сыры бар. Бақ-береке, ырыс-құт қонақтаған ауылда бүгінде мың жарымнан астам түрлі этнос өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі – күрдтер.
Саясат • 03 Мамыр, 2024
Әзербайжан – Армения: Алматы келісімінен не күтеміз?
Бүгінде бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД-ның кейбір елдері арасында өңірдегі геосаяси ахуалды күрделендіріп тұрған шекара даулары аз емес. Мұның басты себебі ретінде анклав мәселесі тұрса, екінші жағынан делимитация және демаркация ісінің дер кезінде қолға алынбағаны да айтарлықтай салқынын тигізіп тұр. Әсіресе шекара дауы кейінгі жылдары Армения мен Әзербайжан елдері арасында ушығып, тіпті адам шығынына әкелген әскери қақтығысқа дейін ұласты. Бұған халықаралық қауымдастықпен бірге Қазақстан да қатты алаңдаулы.
Әлем • 03 Мамыр, 2024
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің хатшылығы Астана әкімдігінің қолдауымен биыл да Президент саябағындағы АӨСШК аллеясын абаттандыру бағытындағы дәстүрлі іс-шарасын өткізіп, ағаш көшеттерін екті.
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Заңсыз ойын бизнесінің зардабын жоюға бағытталған түрлі шара қолға алынғанымен, жымысқы әрекетін жасырын түрде жүзеге асыратындар азаматтарды сан айламен арбайтын болған. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылғандардың дені – жастар. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша 18 қылмыстық іс қозғаған. Осыған байланысты 14 адам сотталып, бірқатар қылмысқа қатысты әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Медицина • 03 Мамыр, 2024
Биыл Астана медицина университетіндегі Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Атаулы күн қарсаңында саланы зерттеп-зерделеп, тақырыптың тереңіне бойлаған ғалымдар ғылыми ізденістерін ортаға салды.