Табиғат • 02 Мамыр, 2025
Катонқарағай паркінде қар барысы екі рет фототұзаққа түскен
Сирек кездесетін жабайы жануар – аталған ұлттық табиғи парктің Аршаты орманшылығында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Арман Кенжеғалиев Яна Рудковскаяны неліктен өзі қарсы алды?
2025 жылдың сәуір айының соңында ресейлік продюсер Яна Рудковскаяның Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне баруы қоғамда үлкен дау тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Рудковскаяны басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің өзі қарсы алғанын атап өтті. Ресейлік продюссер пәтер сатып алу мақсатында мемлекеттік қызметке жүгінген, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
Ұландықтар Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өткізді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Астанада үлкен патриоттық акция өткізді. Мерейлі датаға орай 80 әскери қызметші ерекше қойылым ұйымдастырып, өнер мен әскери рәсімдерді біріктірді. Акцияның басты бөлігі ретінде Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері батырлық пен ерліктің символы - жұлдызды бейнелеп, оны «80» санымен алмастырып, әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Мамыр, 2025
Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады
2022 жылдан бастап Қазақстанда ішкі туризмді қолдау және дамыту мақсатында балалар үшін жеңілдік енгізілген. Оған сәйкес, ел ішінде саяхаттайтын 2-ден 17 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Осы қызметті қалай алуға болады? деген сауалға Egemen.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
Әлем • 02 Мамыр, 2025
АҚШ пен Украина бірлескен инвестициялық қор құрды
Бүгін АҚШ пен Украина арасында елдің табиғи ресурстарын бірлесіп игеру және соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру мақсатында инвестициялық қор құру туралы маңызды келісім жасалды. АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина премьер-министрінің орынбасары Юлия Свириденко бұл келісімге ресми түрде қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.