Аймақтар • 29 Мамыр, 2017
ЭКСПО-2017: «Жаужүректен» дәм татыңыз
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілер атыраулық аспаз Гүлжан Шәкімова дайындаған тағамнан дәм татады. Өткен жылы республикалық аспаздар байқауында жүлдегер атанған ол осы маңызды шараға қатысуға мүмкіндік алды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Ертең Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады
30 мамырға арналған ауа райы: күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеңіл атлетика • 29 Мамыр, 2017
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спартакиада өтті
Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Тараз қаласында Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы облыстық спартакиада өтті. Спартакиадада шағын футбол, волейбол, эстафета сынды спорттың үш түрі қамтылды.
Парламент • 29 Мамыр, 2017
Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Қостанайда Ravon Nexia R3 жеңіл машинасы шығарыла бастады
Өзбекстандағы жеңіл машиналар өндіретін, экспорттайтын «GM Uzbekistan» және қазақстандық автокөліктер өндіретін AllurGroup компаниялары Ravon Nexia R3 моделін Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығаруды бастады.