Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Астанада «Қазақстан – майдан арсеналы» көрмесінің ашылуы өтті
2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің бірлескен жобасы – «Қазақстан – майдан арсеналы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Ұлттық музейдің Атриум залында ұйымдастырылып, 9 маусымға дейін жалғасады. Бұл мәдени шара – еліміздің тарихындағы маңызды белестердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 02 Мамыр, 2025
Алименттен қашып жүрген әкелердің бейресми табыстары тексеріледі
Осыдан бірер апта бұрын Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттарының Әділет министрлігіне және тағы басқа уәкілетті органдарға жолдаған ұсыныстары қатарында ең маңыздыларының бірі – мемлекеттік алимент қорын құру туралы болғаны мәлім. Осы орайда Egemen.kz тілшісі Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Снежанна Имашевадан мәселенің мән-жайы туралы сұрап, сұхбаттасқан еді.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2025
Бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған
Биыл Алматы қаласындағы бөлшек сауда наурыз айында 23%-ға өсіп, 571,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
«Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан аттанған майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталы Жеңіс күніне орай арнайы жаңартылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Алматылық Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген үйлерін алды
Бүгін Париждегі жазғы Олимпиадада көк байрағымызды желбіреткен Олимпиада жеңімпаздары Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың қолынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.