Қоғам • 02 Мамыр, 2023
Сталин мен Гитлердің не айырмашылығы бар? Ешқандай, мәселе мұрттарында ғана… Сіз осыған келесіз бе? Біз соғысты қолдаған емеспіз. Өйткені онда адамшылық, сезім жоқ.
Мәдениет • 02 Мамыр, 2023
Есті әннің ешқашан ескірмейтіні әлімсақтан аян. Көңілден кетпейтін сыршыл музыканың ғұмыры қашанда ұзақ. «Музыканың ғұмыры нотада емес, ноталар арасындағы тыныштықта» деген Моцарттың сөзі кейде еріксіз еске түседі. Расында да, жаздың жылы жаңбырындай әдемі ән адам жанының емшісіндей көрінетіні бар.
Абай • 02 Мамыр, 2023
«Қалибектен кейін Абайды талай дарынды актерлеріміз орындап келді, бірақ Қалибек – Абай біреу-ақ! Ол – Хантәңірінің биік шоқысында оқшау тұрған бейне». Бұл – М.Әуезов пен Л.Соболевтің әйгілі «Абай» трагедиясы алғаш сахналанғаннан кейін басты рөлді сомдаған актер Қалибек Қуанышбаевқа режиссер Асқар Тоқпановтың берген бағасы болатын. Әрине, премьера күнгі тарихи сәт баспа беттерінде осылай жарқын таспаланғанымен, алайда бұл көркемдік биікке көтерілу, Абай шыңынан үн қату актер үшін оңай болған жоқ. Айтулы мақтаудың астарында теңдессіз маңдай тер мен үздіксіз ізденіс те жатқан еді. Олай дейтініміз – Абай бейнесінің ең алғаш қазақ сахнасына шығуы һәм көрермен жүрегіне жол табуы өз алдында, пьеса авторы кірпияз Мұхтар Әуезовтің талап-үдесіне лайықты кейіпкер тудыру Қаллеки – Қалибек Қуанышбаев үшін салмағы зіл батпан жауапкершілік те еді.
Фотогалерея • 02 Мамыр, 2023
Әр дәуірдің өз бояуы бар. Қарап отырып таңырқайсыз, тамсанасыз. Иә, әркім тарих бетін өзінше әрлейді. Сенсеңіз, сол суреттер әлі де біздің көңілімізді тербейді. Біз көрген палитрадағы түстер сан алуан. Оны салған – біртуар суретші Әбілхан Қастеев.
Театр • 02 Мамыр, 2023
Әдебиет тарихында өшпес шығармаларымен әлем жұртшылығын тамсандырған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің драмалары күні бүгінге дейін халық назарында. Оған дәлел – биылғы сәуірдің 14-і және 19-ы күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында белгілі режиссер Әлімбек Оразбековтің қойылымымен жаңа қырынан көрінген «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы дер едік.