Пікір • 02 Мамыр, 2023
Бүгінде ғаламдық мәселеге айналып отырған су тапшылығының басты себептеріне климаттың өзгеруін, трансшекаралық ағын су көлемінің азаюын, су ресурстарының тиімсіз пайдаланылу мен суды үнемдеу «мәдениетінің» қалыптаспағандығын жатқызуға болады. Ол, өкінішке қарай, елімізді де қамтып отыр. Соның кесірінен ауылшаруашылық дақылдарын өндіруге қажетті судың жетіспеуі егістік көлемінің жыл санап қысқаруына әкеліп соғуда.
Экология • 02 Мамыр, 2023
Биыл сәуір салқындау болғандықтан ба, тайыз су қоймаларындағы балықтар қырылып жатыр. Табиғаттың тылсым зауалы 4 сәуірде Қостанай ауданындағы Озерный ауылының шетіндегі көлде, 5 сәуірде Заречныйдың маңындағы су қоймасында байқалған. Балық инспекциясының мамандары дереу Заречныйдағы судан сынама алып, жарты тоннадан астам өлі балық теріп алды.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2023
Жамбыл облысында тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы жүріп жатыр. Былтыр өңір тұрғындары полиция қызметкерлеріне 16 ойық, 140 тегіс ұңғылы және 4 травматикалық қару-жарақ өткізіп, жалпы сомасы 10 401 948 теңге мөлшерінде төлемақы алған.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2023
Атырауға нәпақа табу үшін өзге елден келетіндер көп. Солардың қатарындағы Қырғызстан мен Өзбекстанның азаматтары жетерлік. Алайда шекарадан өткен соң із-түзсіз жоғалып кететіндер де бар. Сондай жандарды түн ұйқысын төрт бөліп, кіндік қаны тамған туған жеріне жеткізер жолына сарғая қараған ата-анасының, бір туған бауырының алаңдауы ойлантпайтын секілді.
Құқық • 02 Мамыр, 2023
Дүниенің бәрі онлайнға байланған бұл күні баяғыдай баукеспе жоқ. Ұры-қарылар түз жорытып, жонын тоздырып әуреге түспейді. Есесіне телефон арқылы талайды тақырға отырғызып келеді. Бір кездері құзырлы орындар интернет арқылы жасалатын қулық-сұмдықтың өршіп бара жатқанын мәлімдеген еді. Осы күні алаяқтық екі күннің бірінде тіркелетін қылмыс сипатына ие болды. Содан да болар, бүгінде жапа шеккендер қарасы қалың.