Экология • 03 Мамыр, 2023
Қоршаған орта – қоғам назарында
Қоқыстар мен зиянды қалдықтар қоршаған ортаны құртып барады. Әсіресе, ірі қалалардың маңы қоқыстан, ауасы түтіннен көз ашпай отыр. Бұған қатысты қордаланған түйткілдерді тиісті құзырлы мекеменің өкілдерді талқыға салды.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2023
Қарабұлақтың қан-жын аққан «бұлағы»
Еліміздегі ең үлкен ауыл саналатын Қарабұлақ тұрғындары елді мекен маңайындағы сарқынды су жиналатын орындардан мезі болып отыр. Ашық жатқан қалдық судың иісі қолқаны қабатыны аздай, борсығаны былай, бау-бақшаны суаратын арыққа да құйылып жатыр. Тұрғындар қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан көлшіктерге қатысты жергілікті биліктің көп уақыттан бері нақты шара қолданбай отырғанына наразы.
Сауда • 03 Мамыр, 2023
Шеринг тренді – қайырымды сыйлық үрдісі
Отандық аналитиктер шеринг тренді елімізде белсенді айналымға ие болғанын, сондай-ақ отандастарымыздың қандай тауарларды сыйға жиі беретінін және басқалармен салыстырғанда қай қалалардың тұрғындары заттарын тегін беруге дайын екенін анықтады.
Экономика • 03 Мамыр, 2023
Транзиттік әлеует Орталық Азия мүддесімен ұштаса ма?
Кейінгі бір жылда туындаған геосаяси тәуекелдерден кейін жүк тасымалдау бағыттарын әртараптандыру туралы әңгіме қозғала бастады. Қазір еліміз үшін Еуропаға жүк жеткізудің тиімді маршрутын табу өте маңызды. Еліміздің географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы арқасында тасымалды асқан байыптылықпен, ұзақмерзімді перспективада әртараптандыра аламыз деген сенім бар. Жалпы, Қазақстанға тиімді бағыттар керек-ақ, тиісінше біз арқылы да қаншама жүк тасымалы маршруттары жосылып жатыр. Оны да өз ыңғайымызға бейімдей білудің пайдасы орасан.
Шахмат • 03 Мамыр, 2023
Дин дегеніне жетті. Қытайлық шахматшы әлемнің 17-чемпионы атанды
Спорт әлемінде тосын нәтижелер, ешкім күтпеген жеңістер жиі болмаса да, ара-тұра тіркеліп тұратынын жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасындағы марқұм Бекзат Саттархановтың алтыны, 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатында ешқандай атақ-даңқы жоқ Бекзат Нұрдәулетовтің бес дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крусты нокдаунмен жеңуі, бірер ай бұрынғы футболдан Қазақстан құрамасының әлемнің азулы құрамасы Данияны қапы қалдыруы, сол Данияның өзі 1992 жылғы Еуропа чемпионатына ойда-жоқта қосылып, Кәрі құрлық додасының жеңімпазы атануы сияқты түрлі мысалдар жетіп артылады.