Форум • 03 Мамыр, 2025
Биыл 29-30 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форум барысында сан түрлі саланың кәсіби мамандары мен сарапшылары ел және әлемдік аренадағы өзекті мәселелерді талқылайды.
Өшпес даңқ • 03 Мамыр, 2025
«Батырларға тағзым» порталы күн сайын толығып келеді
Елімізде «Батырларға тағзым» порталы іске қосылған алғашқы күндері-ақ өңірлердің белсенділігі байқалды. Дегенмен ақпараттар әр өңірден әркелкі келді. Порталға келген анкеталардың саны күн сайын артып келеді. Мәселен, алғашқы айда Қарағанды облысы мен Алматы қаласы тұрғындары белсенділік танытқан. Бұл өңірлер – соғысқа қатысқан отандастарымыздың ең көп шоғырланған аймақтарының бірі.
Бизнес • 03 Мамыр, 2025
Жастар бизнесі – үлкен аренада
Биыл елімізде ENACTUS қозғалысына 30 жыл толып отыр. Үш онжылдық ішінде бұл бастама мыңдаған жастың өмірін өзгертті. Кезінде жоба қорғап тұрған студенттер бүгінде табысты кәсіпкерге, қоғам көшбасшыларына айналды. Осы жылы да еліміздің 20 өңірінен 230 өтінім түсіп, іріктеу кезеңінің қорытындысынан кейін 189 команда жарысты жалғастыру құқығына ие болды.
Үкімет • 03 Мамыр, 2025
Экономиканы ырықтандыру міндеті
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2025
Мемлекет қолдауымен кәсіп ашып, тынымсыз тірліктің арқасында жұмысын жүйелеп, үлкен іске жалғастырып жатқандар көп. Демеу арқылы бастаған бизнесін өрістетіп, жеке бренд қалыптастыруға қадам жасағандар да бар. Солардың бірі – қызылордалық Жанар Прекеева. «Бастау бизнес» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытудың онлайн курсын аяқтап, мемлекеттік грант жеңіп алған кәсіпкер «Керім сұлу-Қызылорда» кәсіпорнының жұмысын өрістетіп отыр.