Балалар • 04 Мамыр, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі алпысқа жуық оқушы жазда Алтай өңірінде, яғни Шығыс Қазақстандағы лагерьлерде тегін демалатын болды. Табиғат апатынан баспанасыз қалған отбасылардың балалары өлкеміздің көрікті жерлерін аралап, уақытын қызықты әрі пайдалы өткізеді.
Мирас • 04 Мамыр, 2024
Ерте кезде қазақтар тіз немесе ши оқпен құс атқан. Бұл оқтың тіз немесе ши деп аталуына себеп, оқтың тым жіңішкелігі және қатты шиден жасалуына байланысты. Кәнігі мергендер мұндай ши оқтың төрт-бесеуін адырнаға қатар орнатып, бір деммен шашырата атқан.
Жәдігер • 04 Мамыр, 2024
Нұра ауылынан табылған индрикотерий
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Табиғат залында 35-40 млн жыл бұрын біздің жерімізді мекендеген индрикотерий мүйізтұмсығының шағын бейнесі тұр. Ал Ұлттық музейдің Палеонтология залында тұрған осы жануардың алып бейнесі Ю.А.Орлов атындағы Мәскеу палеонтология музейіндегі түпнұсқадан жасалған көшірме.
Таным • 04 Мамыр, 2024
Ғабит Мүсірепов әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін қарындашпен жазып шыққаны әмбеге аян. Қадыр ақын да өлеңдерін қарындашпен жазғанын білеміз. «Өйткені өте ыңғайлы, тұрып та, отырып та, жатып та жаза беремін», дейтін өзі. Сол сияқты Джон Стейнбек те шығармаларының алғашқы нұсқасын қарындашпен жазатын.
Таным • 04 Мамыр, 2024
Таңғажайып тағдырлар: Шон шыққан шың
Шон Шварнер өкпенің қатерлі ісігін жеңіп, 7 континенттің ең биік 7 шыңын бағындырған.